"Қарақол орта мектеп бақшасы" КММ
«Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-сі оқушыларының
наурыз айындағы жеңістері

Наурыз-сәуір айларында мектебіміздің «Дарын» орталығының жұмысы көптеген оқушыларымыздың жетістіктерімен толықты.
23 наурызда Алматы қаласында Медеу-Еликсай тауларына жүгіруден өткен «Скайраннинг» жарысына қатысып, 3,6 км қашықтыққа жүгіруден 10 сынып оқушысы Абенов Нұрхат алтын, 9 сынып оқушысы Сакенова Ақжан күміс медальмен оралды.
Ал, 9 сынып оқушылары математика пәнінен өткен республикалық КИО қашықтық олимпиадасына қатысып, 4 оқушы: Болатова Ұлжан, Газизова Назерке, Сакенова Ақжан, Серикова Аружан 1 орын, 2 оқушы: Абилов Қасым мен Кусманов Ерсін жүлделі 2 орын алып, дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар 3-11 сыныптардың 57 оқушысы халықаралық зияткерлік "British Buldog" конкурсына қатысып жүлделі орындар иеленді. Атап айтқанда 48 оқушы 1 орын, 9 оқушы 2 орын алып дипломдармен марапатталды.
«Дарын» орталығының ақпараты