26
январь
2018
«Әлем таныған Елбасы!»
Қарақол орта мектеп-бақшасында 1 желтоқсан Президент күніне. арнайы бұйрық шығарылып, жұмыс жоспары жасалынып іс шаралар жұмыстар жүргізілді
Мақсаты: Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға ретінде екенін таныту, Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолы, шығармашылық іс-әрекеттері мен мемлекетті басқарудағы іскерлігі мен білімділігі туралы мағұлмат беру.
Мақсаты: Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға ретінде екенін таныту, Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолы, шығармашылық іс-әрекеттері мен мемлекетті басқарудағы іскерлігі мен білімділігі туралы мағұлмат беру.
Қ.Саркина, А.Раимханова 1-11 сыныптар аралығында «Әлем таныған Елбасы!» тақырыбында салтанатты түзулік ұйымдастырды. Нәтижесінде «Елбасы жолы» видио ролик, әдеби монтаж флеш-моб көрсетілді. 2 «б» сынып жетекшісі Қ.Дутпаева «Біздің Елбасы!» тақырыбында ертеңгілік өткізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы мағұлмат алып, Елбасы туралы өлең жолдары оқылып, Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолына түсінік берілді. 8 «а» сынып жетекшісі Н.Мұхамбетов «Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі», 6 сынып жетекшісі Ш.Искакова «Ел және Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Нәтижесінде тағылымды тарихымызға шолу жасау арқылы Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басуға, жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында өтті. Өткен күндерді еске алу мақсатында видеоролик көрсетілді. Елбасына, ЭКСПО-ға, «Мәңгілік ел» тақырыптарына арналған қабырға газеттері қорғалды.