Ізденімпаз оқушы » Коммунальное Государственное учреждение "Каракольская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қарақол орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2018

Ізденімпаз оқушы

Ізденімпаз оқушы

 


Болатова Ұлжан - мектебіміздегі талантты, өте ізденімпаз, үлгілі оқушылардың бірі. Ол мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезінен бастап-ақ түрлі мектепішілік, аудандық сайыстарының жеңімпазы атанды.Сан салалы бағыттағы аудандық, облыстық, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Атап айтқанда, 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Балаға мейірімді Қазақстан» атты форум-фестиваліне қатысып, еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сертификатын иеленді. Халықаралық «Кенгуру – математика для всех», «British bulldog» конкурстарының, облыстық интнллектуалдық «Айналайын», «Малахит», «Тұлпар», «Асыл тас», «Ақ бота» олимпиадаларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Сонымен қатар, ізденімпаздық шығармашылық жұмыстары да жоғары бағаланып жүр. «Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы жіктік жалғаулардың қолдану ерекшеліктері», «Абай атамыз және оның өмірі», «Абайдың «Ескендір» дастанындағы көркемдегіш тәсілдердің қолдану ерекшелігі», ««Қыз Жібек» жырындағы сапалық және қатыстық сын есімдер», «Абылай хан өміріндегі тың деректер», «Абайдың Қарақолдық ізбасары» тақырыптарындағы ғылыми жобалары аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларынығ жүлделі І орын иегері.Республикалық «Нұрлы жастар» продюсерлік орталығы ұйымдастырған бірнеше байқаулардың ІІ дәрежелі лауреаты.Республикалық қашықтықтан өткізілетін «Нұрлы болашақ», «I-school», «КИО» халықаралық «Инфоурок», «Интербриг», «Филолог», «Алые паруса», «Старт» олимпиадасынан қазақ тілі, математика, ағылшын, тарих,география, физика, биология, химия, сияқты пәндерінің І орын иегері. «Бізге белгілі және беймәлім Махамбет» атты кітаптың авторы.