30
январь
2018
"Көңілді тапқырлар алаңы"
«КТА» ойын-сауық, әзіл кеші
Бүгінгі таңда Қазақстанда енді ғана негізі қаланып келе жатқан өнер салалары жетерлік. Соның бірі – әзіл саласы. Кез келген жанның көңілін көтеретін бұл әзіл кештері үлкен танымалдылыққа ие. Біздің мектебімізде де әзіл кештері әр тоқсан сайын өтіп тұрады. Жақын арада, яғни, қаңтар айының 19-жұлдызында мектепішілік «КТА» ойын-сауық мерекелік кешінің ІІ кезеңі болып өтті. Бұл кештің басты мақсаты – мектеп оқушыларының әзіл жанрындағы қабілеттерін аша біліу және көрермендерге де қызықты әрі көңілді уақыт сыйлай отырып, осы өнер саласын дамытуға үлес қосу.

Кеш қорытындысында, үш топ «Бірыңғай жігіттер», «Мамасының балалары» және «Жас талант» командалары келесі кезеңге жолдама иеленді. Ал жалпы, биылғы жылы өткізіліп отырған «КТА» кешінің «Жаңалықтар» маусымындағы ерекшелігі де осында, яғни, кеш тоқтап қалмай, ІІІ кезеңнен іріктелген топтар соңғы финалда өнер көрсетіп, кубок үшін сайысқа түседі. Сондықтан бар қызық әлі алда...