26
ноябрь
2018
" Ұлы даланың жеті қыры" мақала
Тарих және қоғамтану пәні мұғалімі Қ.А.Саркина ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың " Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы мектепте ата-аналарға оқып, таныстырды. Мақалада қазақ халқының Ұлы Жібек жолы бойында жатқан мемлекет екенін көрсететін, тарихы сонау ертеден басталатын кезеңмен түркі әлемімен ұштастырылған. Қазақ халқы жылқы өсірудің шебері, қолөнердің майталманы екені паш етілген. Мемлекетіміздің символына айналған " Алтын Адам" тарихы айтылса, қазақ жері ежелден металлургияның отаны екені баяндалған. Аты әлемге әйгілі Алматы "алмасы" мен "қызғалдақ" гүлі отаны болған жеріміз туралы айтылған. Мақала "Рухани жаңғыру" идеясы жалғасы іспетті. Бүкіл Қазақстан халқының игілігі үшін жасалған іс-шараны барлық адам қолдайды деп есептеймін. Ата-аналар мақаланы тыңдап, өздерінің пікірлерін білдіріп, көрмені көріп, қошемет көрсетті.