"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы. » Коммунальное Государственное учреждение "Каракольская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қарақол орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы.
20
февраль
2020

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы.

20.02.2020 ж. "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан зор құрметпен қабылдап, кезекті эстафетаны еліміздің білім жəне ғылым саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына жəне студенттер мен оқушыларға жолдаймын" деген білім министрінің сөзін барлығымыз естіген болатынбыз. Осы орайда игі шараны басшылыққа ала отырып, мектебіміздің оқушылары мен ұстаздар арасында А.Құнанбайұлының шығармаларын насихаттап, дəріптеу мақсатында эстафета ұйымдастырылды. Атаулы шараны биылғы мектеп бітіруші түлектеріміз ақынның "Көзімнің қарасы" əнімен бастап, өздері жасаған макеттерін 10-сыныптың оқушыларына тарту етті. Эстафетаның ерекшелігі Бас ақынның өлеңдерін жатқа оқып ғана қоймай, əндерін нақышына келтіре орындау, өмірінен қысқаша мағлұмат беру, поэмасы мен аудармаларынан қысқаша сахналық көрініс қою, күйлерін орындап, қара сөздерін жатқа айтуымен қоса жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері бойынша суреттер көрмесімен ерекшеленбекші. Эстафета биылғы мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сыныпқа дейін жалғасын табады деген сенімдеміз. Сіздердің назарларыңызға мектеп түлектерінің 10-сыныпқа эстафетаны бастап, ұсыну сəттерінен көрініс фото-суреттерді ұсынып отырмыз .