27
февраль
2020
"Ғылым таппай мақтанба" Ұлы ақын Абайға 175 жыл.
29.02.2020 ж. Мектебіміздің жас ұстаздарының ұйымдастыруымен Ұлы ақынның 175 ж толуына арналған 6-7 сыныптар арасында " Ғылым таппай мақтанба..." тақырыбында тамаша сайыс кеші өтті. Кештің құрылымы көрермен көңілінен шығып, қошеметіне бөленді. Сайыскерлеріміз өз топтарын таныстыра келе, кемеңгер тұлғаның өлеңдерін жатқа оқып, көпшілік назарына қара сөздерінің мəн мағынасын түсіндіре жеткізіп берді. Аудармаларын сахнада қойылым қылып қоя білген оқушылардың қабілеттері көрерменді таңдандырды . Сазгердің əндерінің əуенін тыңдай отырып, əнің атын дөп басып тауып жатты. Көрермендерге арналған сұрақтар ұйымдастырылып, білімімен көзге түскен кеш тамашалаушылары сыйлықтанда құр алақан қалмады. Кеш соңы қазылар алқасының құттықтауы сөзі мен жеңімпаз топтарды бағалаумен өз мəресіне де жеткен еді. 1-орынды 6 "б"сыныбы өз қанжығаларына байлап қайтты.
Сынып жетекшілерге алғыс айтылып, басқа да топ иелеріне мадақтамалар берілді .







Сынып жетекшілерге алғыс айтылып, басқа да топ иелеріне мадақтамалар берілді .






