05
декабрь
2019
Мектепішілік жас мамандар арасында "Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз - 2019" атты сайыс өтті.
Мектебімізде жас ұстаздар мектебінің жетекшісі Жанар Аубакировнаның жүргізуімен жас ұстаздар арасында "Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз - 2019" атты сайыс кеші өтті.Сайыс барысында жас ұстаздар өз өнерлерін, шеберліктерін, жаңашылдықтарын, іздемпаздықтарын ұтымды көрсете білді.Тәлімгер ұстаздары қолдау көрсетті, алғыс хаттармен марапатталды.Жас ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.







