«Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі химия пәні мұғалімі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде химия пәні мұғалімі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
- ШҚО, Үржар ауданы, Қарақол ауылы, А.Әзербаев көшесі №10 мекен-жайында орналасқан ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-нің химия пәні мұғалімі лауазымдық қызметіне (тұрақты жұмысқа)
Химия пәні мұғаліміне қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Лауазымдық жалақысы: 13 сағат және қосымша биология 6 сағат. Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 115 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 10 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: ШҚО, Үржар ауданы, Қарақол ауылы, А.Әзербаев көшесі №10, анықтама байланыс телефондары: 872230 5-55-77
Конкурсқа қатысу үшін порталға мынадай құжаттарды береді:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).