«Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқу ісі меңгерушісі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде оқу ісі меңгерушісі лауазымдық қызметіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
- ШҚО, Үржар ауданы, Қарақол ауылы, А.Әзербаев көшесі №10 мекен-жайында орналасқан ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ-нің оқу ісі меңгерушісі лауазымдық қызметіне (тұрақты жұмысқа)
Оқу ісі меңгерушісіне қойылатын біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады.
Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.
Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
Оқу кабинеттерін және лабораторияларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді.
Практикаға оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
педагогика және психология негіздерін,
қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;
басқарудың инновациялық әдістерін;
экономика, қаржы-шаруашылық мәселелерін;
құқық, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.
239. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес;
"басшы" (санаты жоқ), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы" біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық жалақысы: 1 бірлік. Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 115 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі, орны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап құжаттар 7 жұмыс күн ішінде мына мекен-жайға өткізілуі тиіс: ШҚО, Үржар ауданы, Қарақол ауылы, А.Әзербаев көшесі №10, анықтама байланыс телефондары: 872230 5-55-77
Конкурсқа қатысу үшін порталға мынадай құжаттарды береді:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;