Егер мен Ұланбасы болсам.. » Коммунальное Государственное учреждение "Каракольская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қарақол орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2018

Егер мен Ұланбасы болсам..

Егер мен Ұланбасы болсам..
«Жас Ұлан» өскелең жас ұрпақты Қазақстандық патиротизм рухында тәрбиелейтін ұйым. Осыған орай барлық мектептерде құрылған «Жас ұлан» ұйымы әртүрлі іс-шаралар жүргізіп отырады. 15 қыркүйек күні аудан бойынша Жас Ұлан ұйымының Ұланбасын сайлау күні болып жарияланды. «Қарақол орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қыркүйек күні 5-10 сынып аралығында «Жас ұлан» ұйымының мектепішілік Ұланбасын ұлықтау рәсімі өткізілді. Мектеп ұстаздары мен оқушылары сағат 12.00-де акт залына жиналып, былтырғы 2017-2018 оқу жылындағы Ұланбасы Сакенова Ақжанның есебін тыңдады. Келесі кезекте «Жас ұлан» ұйымының мектепішілік Ұланбасын сайлау барысында жоғары дауысқа ие болған 10 сынып оқушысы Аринтаева Толқын ант қабылдады. Ол «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының ережелерін сақтауға және орындауға, жұмысының сапасы мен тиімділігін көтеру үшін ықпал жасауға, ұйымның басқа мүшелерінің құқықтарын мойындауға, мүдделерін сыйлауға, ұйымның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға, оқуда үлгілі және тәрбиелі болуға ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімін өткізу барысында мектептің ұстаздары мен 5-10 сынып оқушылары қатысты. Мектеп директоры және сынып жетекшілері Ұланбасы болып сайланған Аринтаева Толқынға келешектегі жұмысын құттықтап, үлкен сенім білдірді.
Тәлімгер: Дусарова А.Д.