Ізденімпаз оқушы
Ізденімпаз оқушы Болатова Ұлжан - мектебіміздегі талантты, өте ізденімпаз, үлгілі оқушылардың бірі. Ол мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезінен бастап-ақ түрлі мектепішілік, аудандық сайыстарының жеңімпазы атанды.Сан салалы бағыттағы аудандық, облыстық, халықаралық сайыстардың жүлдегері. Атап айтқанда, 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Балаға мейірімді Қазақстан» атты форум-фестиваліне қатысып, еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сертификатын иеленді.