Білім күні » Коммунальное Государственное учреждение "Каракольская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қарақол орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2019

Білім күні

Қарақол орта мектеп-бақшасы КММ-інде 1 қыркүйек «Білім күнін» өткізу туралы хабарлама 2019-2020 оқу жылы
Қарақол орта мектеп-бақшасында «Алғашқы қоңырау» мерекесін өткізу туралы бұйрық негізінде арнайы іс-шара жасалынды. Жасалынған іс-шара бойынша «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» салтанатты мерекесі ұйымдастырылды. Құрметті қонақтарды президиумға шақырып, 1-ші сыныпқа келетін бүлдіршіндерді қарсы алумен басталады. «Алғашқы қоңырау» мерекесіне ауылдағы мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің төрайымы құрметті қонақ ретінде қатысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріліп, Гимн айтылды. Биден биші қыздар шашу шашты. 11 сынып оқушылары 1-ші сынып оқушыларына «Аманат» тапсырды. Күллі ел тілегін марқайтқан Ұлы Ата Заңымызға 24 жылдығы, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ, адалдық» туралы мағұлматтар берілді. 1-ші сынып оқушылары 11 сынып оқушылары Аринтаева Толқын, Жасасынов Елжас, Азымбаева Қымбат, Жакупбек Мади және 1 сынып оқушылары Жеңісбек Айсәуле, Анвархан Нияз, Гусманов Алинұр, Ашимова Малика қоңырау соғу рәсіміне ие болды
Кішкентай періштелер ақ жаймаларын жайып, ақ жол тілеп, мектепке кіру рәсімі жасалынды. 1-4 сыныптарда «Отанға қызмет ету», «Мен сыныптағы топтың мүшесімін », «Жаздың бір күні», отбасымен өткізген жаз мезгілінен фото байқаулары, 5-8 сыныптарда «Менің бақытты жазым», «Менің жаздағы ең қызықты күнім» презентация, 9-11 сыныптарда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Мамандық таңдау», «Мамандық әлемі» пікірталас, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнімен таныстыру, «Адалдық сағаттары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, бейне роликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.



Мектеп директоры: Б.Б.Курмангалиева
Орындаған тәрбие ісі меңгерушісі: Р.Ш.Кагазбаева