08
ноябрь
2019
Қарақол орта мектеп-бақшасында бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаттарын» туралы мәлімет 2019-2020 оқу жылы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қарақол орта мектеп-бақшасында 2019 жылдың 6 қарашасында барлық 2-11 сыныптар аралығында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
5 «б» сынып жетекшісі А.Дусарова «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі»,
7 «а» сынып жетекшісі Ш.Аралбаева «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді», 2 «а» сынып жетекшісі А.Бекбаева «Адалдық пен адамдық»,
8 сынып жетекшісі Э.Коныратова «Елдің болашағы адал ұрпақ!», 6 «б» сынып жетекшісі Қ.Саркина «Адалдық ардың ісі», Адал ұрпақ ерікті клубының жетекшісі А.Бейсекенов «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында адалдық сағаттары, театрланған сабақтар, дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылардың бойында өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, патриоттылық сынды қасиеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында адалдық сағаттары жүргізілді.
8-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық ардың ісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Қарақол ауылының әкімі М.Мусабаев, мектеп директоры Б.Курмангалиева, Қарақол округінің бас маманы К.Жумашевалар қатысты. Мақсаты: отансүйгіштікке, азаматтылыққа, 2050 жылы 30 дамыған елдердің қатарына қосылған, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыру, парасат пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу. Оқушылар «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады», 8 сыныптар «Жемқорлыққа жол жоқ», 9 сынып «Біз адалдықты қалаймыз!», 10 сынып «Жемқорлық індет-жою міндет», 11 сынып «Адалдық ардың ісі» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, адал еңбек ету керектігі туралы және өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Мектеп директоры: Б.Б.Курмангалиева
Тәрбие ісі меңгерушісі: Р.Ш.Кагазбаева