16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, 9-11сынып ұлдары арасында «Tәуелсіздік қырандары» атты әскери-спорттық сайысы өткізілді. » Коммунальное Государственное учреждение "Каракольская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Қарақол орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, 9-11сынып ұлдары арасында «Tәуелсіздік қырандары» атты әскери-спорттық сайысы өткізілді.
14
декабрь
2022

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, 9-11сынып ұлдары арасында «Tәуелсіздік қырандары» атты әскери-спорттық сайысы өткізілді.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, 9-11сынып ұлдары арасында өткізілетін «Tәуелсіздік қырандары» атты әскери-спорттық сайыс өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Сайыстың мақсаты
•Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру.
Өткізілетін орны және уақыты
•Сайыс 2022 жылдың 14 желтоқсан күні мектептің спорт залында өтеді.
•Басталуы: 14:30 да.
Сайыс түрі
•Әскери-спорттық сайыс.

Сайысқа қатысушылар
•Сайысқа 9, 10, 11 сынып оқушыларынан құралған 4 бөлімше қатысады.

Киім үлгісі
•Әскери және спорттық киім.

Жарыс бағдарламасы
•Оқушыларды сапқа тұрғызу
•Сайыстың ашылуы
•Әділқазылар алқасымен таныстыру
•Марапаттау.
Жарыс түрлері
•Tаныстыру. (топтың аты, ұраны).
•АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау. (2 оқушы)
• Кедергілерден өту. (топпен)
•Газтұмылдырық (противогаз) кию. Норматив № 1. (топпен)
•Гирді көтеріп барып, нысананы дәлдеу, тапсырманы орындау.
• Жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. (3 оқушы)
•Снарядтармен жүру.
•Мылтық ату. (1 оқушы)
•Қаппен секіру.
•Қол күрес, Гир көтеру, Арқан тартыс.

Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н. Қожахметов
АӘTД мұғалімі А.Джаксыбаев