"Ғажайып суретшілер әлемінде" сыныптан тыс сайыс сабағы.
07.12.2019 ж. Сенбі кешін жас ұстазымыз Меруерт Амангелдіқызы өзінің "Ғажайып суретшілер әлемінде" тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағымен аяқтады.Сайысқа 4-сынып оқушылары қатысты. Екі топқа бөлінген оқушылар өз өнерлерін, білімдерін ортаға салды. Сайыскерлеріміз керемет шығармашылық туындыларымен барша көрерменді тәнті етіп, ұстаздарынан үйренген білімдерін дәлелдей түсті.