27
апрель
2019
"Қауіпсіз интернет" он екі күндігі
Қауіпсіз интернет
Қарақол орта мектеп-бақшасында 2019 жылдың 04-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» ақпараттық кампания бойынша іс-шара жоспарланып өтті.
«Қауіпсіз интернет» он екі күндігін өткізудің мақсаты: оқушыларды интернет желісіндегі қауіптермен таныстыру және ол қауіптерден қалай сақтану керектігі жөнінде көмек көрсету. Оқушыларды инетернет желісінде дұрыс, оң ақпаратты таңдауды үйрету, бейтаныс адамдармен хат алмасу кезінде қауіпті тани білу, сонымен қатар әлеуметтік желіде өзі туралы қандай ақпаратты енгізуге болатындығын анықтауды үйрету.
Он екі күн ішінде жоспарға сай бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өтсе, жоғары сыныптарда дебат, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ата-аналар мен оқушылар арасында «Әлеуметтік желінің адамға әсері» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Сынып жетекшілер мен оқушылар он екі күндік іс-шараға белесене қатысты.
Психолог: Т.А.Раймбекова